KZ | RU | ENG

"Ауыл" ХДПП ҚР Кәсіподақтар федерациясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумын бекітті

08.12.2015

2015 жылдың 8 желтоқсан күні "Ауыл" ХДПП Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумын бекітті.

"Ауыл" партиясының төрағасы Ә. Бектаевтың айтуынша "Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауында елімізде адами ресурстарды дамытудың маңызды екенін қадап айтқан. Енді "Ауыл" партиясы кәсіподақпен бірігіп осы міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс істейді.  

"Ауыл" партиясы жұмысшы құқығын қорғауға бағытталған "Лайықты еңбек" жобасын жүзеге асыруда. "Еңбек шартының міндеттілігі және тұрақтылығы, еңбек дауларын шешудің тиімді тәсілдері, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған бағдарламалар бүгінгі күні аса маңызды" деп атап өтті партия төрағасы Ә. Бектаев.

Сарапшылардың пікірінше, "Ауыл" партиясының ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бекіткен меморандумы партия бағдарламасын жүзеге асыруда және еңбек қарым-қатынастары саласында қоғамдық бақылау орнату жүйесін құруда үлкен маңызға ие.