KZ | RU | ENG

"Ауыл" ХДПП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында азаматтарды қоғамдық қабылдау күні өтті.

29.06.2016

"Ауыл" ХДПП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында азаматтарды қоғамдық қабылдау күні өтті.

Партия қызметкерлері с-шара аясында тұрғындардың арыз шағымын, ұсыныстарын тыңдап қана қоймай тіркеп, Партияның орталық аппаратына ұсынатын болатын. Бұл жерде әрбір азаматтың ісі жіті тексеріліп, тиісті дәрежеде шешім қабылданатын болады.

Тұрғындардың шағымдары негізінен коммуналдық қызмет және ішкі істер басқармалары өкілдерінің әрекеттері мен кей мәселеге келгенде бей-жайлығына қатысты болды. Сонымен қатар тұрғын үй салуға арналған жер телімдерін алу мәселесіне қатысты сұрақтар көп болды.