KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясының орталық аппаратында журналистерге арналған салтанатты шара өтті.

«Ауыл» партиясының орталық аппаратында журналистерге арналған салтанатты шара өтті.
23.06.2016

«Ауыл» партиясының орталық аппаратында журналистерге арналған салтанатты шара өтті.  

«Ауыл» партиясының төрағасы, Сенат депутаты  Әли Бектаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін жинап, партия атынан құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өткен жылдың қыркүйек айында күрделі трансформациядан өткен партия 10 айдың ішінде ақпарат құралдарымен қоян-қолтық жұмыс жасады.

«Барлығымыздың да илегеніміз бір терінің пұшпағы. Елдегі тұрақтылықты нығайтып, тыныштық пен келісімді сақтау бағытында әр саланың, әр маманның көтерер жүгі ауыр.Осы ретте ақпаратты шынайы, шапшаң және тұшымды етіп көрермен мен оқырманға жеткізіп отырған тілшілер қауымының атқарып отырған еңбегі орасан», деп атап өтті партия төрағасы.

Ауыл партиясы төмендегідей ақпарат құралдары өкілдерін марапаттады:

  1. Самат Мұса - «Егемен Қазақстан» газеті Бас редактордың бірінші орынбасары, редакция алқасының мүшесі
  2. Татьяна Костина«Казахстанская правда» газетінің бас редакторы 
  3. Бейсенбай Тәжібаев. «Айқын» газетінің Астана қаласындағы қосынының жетекшісі. 
  4. Дулат Молдабаев – «Казахстанская правда» газетінің тілшісі 
  5. Лэйла Тастанова - «Время» газетінің Астана бюросындағы тілшісі.   
  6.  Жолдыбай Базаров - "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі.
  7. Руслан Оспанов - «Хабар» агенттігінің Қазақ редакциясының шеф редакторы.
  8. Ұлан Нарынбек - "Хабар" арнасының Алматы қаласындағы тілшісі.
  9. Ерлан Игисинов - «24 KZ» арнасының шеф-редакторы 
  10. Сәби Байбосынов - «24 KZ» арнасының тілшісі 
  11. Еркін Таңатқанұлы - Ұлттық арнаның Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры 
  12. Ернұр Ақанбай «Еуразия» бірінші арнасының Қазақ редакциясының шеф редакторы 
  13. Илья Рыбин – 31 арнаның Астанадағы бюросының жетекшісі 
  14. Бақытжан Ербасов - "Қазақпарат" агенттігінің қазақ редакциясының шеф-редакторы 
  15. Дәурен Қуат - "Абай" порталының бас редакторы 
  16. Шерхан Талап - "Ұлт" порталының бас редакторы 
  17. Қуаныш Біләл - "Қамшы" порталының бас редакторы 
  18. Әйгерім Болат - "Матрица" порталының бас редакторы