KZ | RU | ENG

"Ауыл" партиясының Саяси кеңесі Ақтөбе қаласындағы лаңкестік әрекеттерге байланысты мәлімдеме жасады

06.06.2016

«Қазақстандықтардың қауіпсіздігі басты міндет»

«Ауыл ХДПП Саяси кеңесінің

МӘЛІМДЕМЕСІ

 

Бұқаралық ақпарат құралдары таратқан ақпараттардан мәлім болғандай, ағымдағы жылдың 5 маусым күні Ақтөбе қаласында қайғылы оқиға болды. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында деструктивті топтар халықтың бойына үрей мен сенімсіздік ұялатуға тырысуда!

Ең қайғылысы: қан төгілді, адамдар қаза тауып, жапа шекті.

«Ауыл» Партиясы қаза тапқан жандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.

 

Осыған орай «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төмендегідей хабарлайды:

 

1. Лаңкестік жасаған бұзақылардың заңға қайшы әрекеттерін біз барынша жазғырамыз

 

2. Біз Ел тәуелсіздігіне, конституциялық құрылымына және Республикамыздың демократиялық институттарына адалдығымызды білдіреміз, және ел тұрақтылығын бұзуға бағытталған әрекеттерге жол берілмеу керектігін жариялаймыз.

 

3. Мемлекеттік органдар ел азаматтарының қауіпсіздігін барлық амал-тәсілдермен қамтамасыз етуіне шақырамыз.

 

4. Заңдылықты қайта қалпына келтіруден бөлек, құқықтық нигилизмге жол бермеу, азаматтардың тыныштығын бұзуға және қазақстандықтардың бірлігіне сызат түсіруге тыйым салу бағытында барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырамыз.

 

Біз барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бейбіт, ішкі және сыртқы саясатының айналасында топтасуға және елдің тұрақты  әлеуметтік-экономикалық даму бағытын қолдауға шақырамыз.

 

Экстремизм және құқықтық нигилизм мәселелерін талқылау үшін «Қазақстан – 2020» Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының кезектен тыс отырысын өткізуді ұсынамыз


«АУЫЛ» ХДПП Саяси кеңесі