KZ | RU | ENG

«Ауыл» партиясы «Азаттығым - ғажап күнім» атты жыр антологиясының тұсаукесерін 1 маусым күні өткізеді

«Ауыл» партиясы «Азаттығым - ғажап күнім» атты жыр антологиясының тұсаукесерін 1 маусым күні өткізеді
30.05.2016

«Азаттығым - ғажап күнім» жинағына әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақ ақын-жазушыларының Қазақстан Тәуелсіздігіне, туған елге, патриотизмге бағытталған  өлең жырлары енген. Антологияға Монғолияда тұрып жатқан 15 қазақ ақынының, Қытайдағы  қазақ диаспорасының 40 өкілінің, Ресейлік 5 қазақ ақынының ән-жырлары мен Қазақстандық 45 ақын-жазушылардың еңбектері жинақталып отыр. Барлық өлеңдер енген ақындар антологиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған құнды сый болды деп айтуға болады.