KZ | RU | ENG

Жер мәселесі жөнінде құрылған комиссия құрамына «Ауыл» ХДПП-ның төрағасы, Сенат депутаты Ә. Бектаев енді

Жер мәселесі жөнінде құрылған комиссия құрамына «Ауыл» ХДПП-ның төрағасы, Сенат депутаты Ә. Бектаев енді
12.05.2016

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» өкімге қол қойды. Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексінің нормаларын түсіндіру және талқылау, сондай-ақ ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.


Құжатта жалпы ереже, міндет, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі сондай-ақ, құрамы бекітілген.

Жер реформасы бойынша Комиссия құрамы:

Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары, төраға

Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы - «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары, төраға орынбасары

Үшкемпіров Жақсылық Әмірәліұлы - «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы, қоғам қайраткері, төраға орынбасары (келісім бойынша)

Абаев Дәурен Әскербекұлы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

Абасов Қайнар Бегәліұлы - «Мақта компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Әбдіғали Берік - саясаттанушы (келісім бойынша)

Әбдікәрімов Мақсат Серікұлы - «Бағбандар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Әбенов Мұрат Абдуламитұлы - қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Әкім Жанұзақ - адам халықаралық институтының жетекшісі (келісім бойынша)

Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Әшімжанов Жанарбек Садықұлы - Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Ашығалиев Қатауолла Мералиұлы - «Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Бабамұратов Дәурен - «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)

Баймолдина Зәуреш Хамитқызы - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

Бақтыбаев Сайын Рысбайұлы - «Қазақ мақта қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Батталова Зәуреш Қабылбекқызы - «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша)

Бәшімов Марат Советұлы - Еуропалық құқық және адам құқығы жөніндегі сараптамалық институтының директоры (келісім бойынша)

Бектаев Әли Әбдікәрімұлы - «Ауыл» халықтық-патриоттық партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты  (келісім бойынша)

Бисетаев Қайрат Серікбайұлы - «Картоп өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі

Боқаев Макс Кебенұлы - «Арлан» үкіметтік емес ұйымының төрағасы (келісім бойынша)

Буканов Сайран Балкенұлы - «Каркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Ган Евгений Альбертович - «Қазақстанның астық өңдеушілері мен наубайшылары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті (келісім бойынша)

Дарынов Әуезхан Кәмешұлы - «Қазақстан фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы - «Байсерке-Агро» агроөнеркәсіп холдингінің жетекшісі (келісім бойынша)

Дүйсебаев Жексенбай Қартабайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы - «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Ерманов Жүрсін Молдашұлы - ақын, журналист (келісім бойынша)

Жаңғоразов Ибрагим Дәуітұлы - «Ижевский» өндірістік кооперативінің директоры, «Құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)

Жандосов Ораз Әлиұлы - «Ракурс» экономикалық сараптау орталығы» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша)

Жапарқұл Тасқын Тұрсынғазыұлы  - «Ернар» шаруа қожалығының жетекшісі (келісім бойынша)

Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы - Бас редакторлар клубының жетекшісі (келісім бойынша)

Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы - қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

Имандосов Самұрат Жұманұлы - «РЗА» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

Ысқақов Нартай Жұматайұлы - «Нарол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты  (келісім бойынша)

Қалиев Ғани Әлімұлы -  ҚР АШМ жанындағы агроөнеркәсіптік кешеннің аграрлық білім, ғылым және өндіріс интеграциясы, кадрлық әлеуетті дамыту бойынша комиссиясының төрағасы

Қожахметов Асылбек Базарбайұлы - «Almaty Management University» білім беру мекемесінің президенті (келісім бойынша)

Косарев Владислав Борисович - Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің құрметті хатшысы (келісім бойынша)

Кравченко Андрей Николаевич - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

Қуанбаев Нұрлыбек - «Желтоқсан» халықтық-патриоттық қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)

Құлкенов Мереке - қоғам қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (келісім бойынша)

Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы - «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ ректоры (келісім бойынша)

Көшімов Досмұханбет Қалмаханұлы - «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Манатов Саха Ұзақұлы - «Манат» шаруа қожалығының жетекшісі (келісім бойынша)

Мырзахметов Асқар Исабекұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Нұрыпбаев Мақсат Ілиясұлы - құқық қорғаушы (келісім бойынша)

Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы - «Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы  (келісім бойынша)

Оспанов Нұрлан Елеусізұлы - «Қазақстан астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы - «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)

Платонов Артур Станиславович - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Поляков Александр Владимирович - «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі (келісім бойынша)

Рафальский Анатолий Брониславович - «Тайынша Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі (келісім бойынша)

Сәбден Оразалы Сәбденұлы - Қазақстан ғалымдары одағының президенті (келісім бойынша)

Сабильянов Нұртай Салихұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы - қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

Сағындықов Алик Сабырбекұлы - «Қазақстан Агроодағы» ауыл шаруашылығы кооперативтерінің республикалық қауымдастығы (келісім бойынша)

Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Сағитов Абай Оразұлы - «Өсімдікті қорғау ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)

Сағыналин Нұрлан - «АкТеп» компаниясының директоры (келісім бойынша)

Сарым Айдос - саясаттанушы (келісім бойынша)

Сауэр Иван Адамович - «Родина» агрофирмасының бас директоры, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі (келісім бойынша)

Сейбағытов Даржоқ - ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек ардагері (келісім бойынша)

Смағұл Бақытбек - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) 

Сұлтанғали Серік Сұлтанғалиұлы - «Бірлік» партиясының төрағасы (келісім бойынша)

Cұлтанов Сабыржан Қыдырсиықұлы - «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің төрағасы (келісім бойынша)

Тайжан Мұхтар - Болатхан Тайжан қорының президенті (келісім бойынша)

Тілеухан Бекболат Қанайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) 

Төребеков Абдолла Төребекұлы - «Қазақстан фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы (келісім бойынша)

Тумабаев Мұхит Тоғысқанұлы - «Приречное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі (келісім бойынша)

Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)

Оразалиев Рахым Алмабекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)

Құдайбергенов Олжас - «Макроэкономикалық зерттеулер орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Шаханов Мұхтар - «Жалын» журналының бас редакторы (келісім бойынша)

Шибұтов Марат Мақсұмұлы - саясаттанушы (келісім бойынша).