KZ | RU | ENG

«Лайықты еңбек» партиялық жобасының аясында "Ауыл" партиясының өңірлерге іс-сапары жалғасуда

«Лайықты еңбек» партиялық жобасының аясында
18.12.2015

2015 жылдың 18 желтоқсан күні «Лайықты еңбек» партиялық жобасының аясында «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары Т.Ә. Ғабділәшімов Осакаровка ауылына жұмыс сапармен барып қайтты. Сапар барысында делегация мүшелері ауданның медициналық әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысып, мазалаған мәселелерін тыңдап қайтты.

Сапар барысында ««Ауыл» партиясының өкілдері Орталық аудандық ауруханасы, жетім балалардың мектеп интернаты және Осакаровка ауылының тарихи өлкетану мұражайының жұмысымен танысты.

«Ауыл» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Т. Ғабділәшімов «Партия үшін адам еңбегі ерекше басымдыққа ие. Сондықтан ауыл аймақтардағы еңбек жағдайын зерттеп, барлық тұрғындардың әлеуметтік көңіл күйін білуге ниеттіміз», деп атап өтті.

Партия өкілдері «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде өңірлік медициналық мекеменің өзгерістерін көріп біліп, ұжыммен пікір алысты, аурухананың мұң мұқтажын тыңдады.

Жетім балаларға арналған мектеп интернатында делегация өкілдері тәрбиешілердің тұрмыс жағдайымен, білім алу, тамақтану, демалу, бос уақытын өткізу мүмкіндіктерімен жақынырақ танысып білді.  

«Ауыл» партиясы ауыл халқының еңбек жағдайына және азаматтардың әл ауқатының артуына ерекше мән беріп, оған жағдай жасайтын болады» деп атап өтті Партияның орталық аппарат өкілдері.