KZ | RU | ENG

«Ауыл» ХДПП-ның орталық кеңсесінде партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

«Ауыл» ХДПП-ның орталық кеңсесінде партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
22.04.2016

2016 жылы 22 сәуірде «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясының орталық кеңсесінде партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

«Ауыл» партиясы 11-ші съезден бері орасан зор жұмыстар атқарды: Партия және оның филиалдары заңды түрде қайта тіркеуден өтті; тиісті мамандармен қамтылып, жұмыс бір жүйеге келтірілді; партия қатарына қосылған жаңа мүшелерді тіркеп, есепке алу тәртібі жүйеленді; билік құрылымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен тұрақты байланыс орнатылды; партия бюджеті қалыптасып, сайлау науқанын өткізу мүмкіндігі жасалды.

Партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сайлау науқанында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сонымен қатар партияның идеологиялық, ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіре түсу, аймақтағы филиалдар жұмысын күшейту мәселелері қаралды. Сонымен қатар партиялықтар алдағы кезеңде жасалатын қоғамдық-саяси жұмыс жоспарын бекітті.

Жиынға қатысушылар, «партия қысқа мерзім ішінде өз жақтастарының институтын құра білді», деп атап өтті. Сонымен қатар партия, аймақтар және жекелеген кәсіпорындар мен шаруашылыққа дейін қоғамның барлық топтарын қамтитын біртұтас, жинақы, жұмысқа қабілетті партиялық құрылымды қалыптастыра алды.

Сайлау науқанында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесі партияның өзіне тән қуаты мен қоры және ең бастысы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде үздіксіз жұмыс істеуге ниеті мен біліктілігі бар екендігін дәлелдеді. Сонымен қатар қоғамда «Ауыл» партиясының қызметіне деген оң көзқарас пен сенім қалыптасқанын көрсетіп берді.

Партия мүшелері мен жақтастары, бұдан былай да елдің әлеуметтік-экономикалық саласын дамытатын маңызды міндеттерді шешуде өзіндік үлесін қосуға дайын екендіктерін, мәлім етті. «Ауыл» партиясы елімізде орын алатын оң өзгерістердің басы-қасында болуға ниетті.

Партия өзінің жұмысында ауылдағы өзекті мәселелерді шешуге басымдық беріп келді, және осылай бола береді де. Заманауи, мықты, әрі бәсекеге қабілетті ауылшаруашылығы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. «Осы арқылы өтімді ауылшаруашылық өнімдерін дайындауды ынталандыру қажет, өндіріс көлемін бақылауда ұстап, бағаның ауытқуын төмендету және ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру қажет», деп атап өтті партия төрағасы Ә. Бектаев.