KZ | RU | ENG

"Ауыл" партиясының төрағасы ауысты

26.08.2015

Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы болып Әли Бектаев тағайындалды. Бүгін Астанада өткен кезектен тыс съезде делегаттар кандидатураны бір ауыздан қолдады.  «Ауыл» партиясын ұзақ уақыт бойы басқарып келген Ғани Қалиев партияның басы-қасында жаңа көзқарасқа әрі бастамаларға ие көшбасшы жүруі тиіс екенін айтты.  Осылай дей келе, ол партия төрағалығына Сенат депутаты Әли Бектаевтың кандидатурасын ұсынды. Ұсынысты съезге қатысушылардың бәрі бір ауыздан қолдады.

Партияның жаңа төрағасы Әли Бектаев алғашқылардың бірі болып «Ауылдың» Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалын басқарды. Съезге қатысушылар Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа өтіп, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылған тұста ауыл шаруашылығы саласында жұмыла жұмыс істеу керек деген ортақ ұйғарымға келіп, тарқасты.